Ағымдағы жылы күріш өнімді болады деп күтілуде - АШМ

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылы күріш өнімді болады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін ел Үкіметінің Интернет арқылы тікелей көрсетіліп жатқан отырысында аталған ведомствоның басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

Ағымдағы жылы күріш өнімді болады деп күтілуде - АШМ

«Ағымдағы жылы күріш өнімділігі мол болады деп күтілуде. Дымқыл күріштың жалпы түсімі 376 мың тонна деңгейінде болжанып отыр. Шикізаттың көрсетілген көлемінен шамамен 145 мың тонна күріш жармасын алуға болады», деді Ауыл шаруашылығы министрі. Сонымен қатар ол аталған көлемнің елімізді күрішпен толық қамтамасыз етуге жететіндігін баса айтты.