Ағымдағы жылы оқу гранттарының саны 700 орынға артты - ҚР БҒМ
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылы мемлекеттік білім беру гранттарының саны 738 орынға артып, 35 053 бірлікті құрады,
деп мәлім етті рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті Білім беру және кадрлар даярлау басқармасының басшысы Гүлзат Көбенова.
«Ағымдағы жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 2013 жылдың 20 мамырындағы Үкіметтің № 500 қаулысымен бекітілген. Мемлекеттік тапсырыс көлемі 35 053 грантты құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс көлемі 738 орынға артты, өткен жылы ол 34 315 орынды құраған болатын», - деді Гүлзат Көбенова.
Сонымен қатар, ол жалпы гранттар санынан 34 553 орын күндізгі бөлімде жоғары білімді кадрлар даярлауға, сыртқы бөлімге 500 орын бөлінген.
Сонымен бірге, халықаралық келісімдер бойынша шетелдік азаматтарды қабылдауға 247 оқу гранты қаралған, оның ішінде 87 грант Ауғанстан азаматтарын оқытуға арналған.
Бұдан өзге, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қабылдау үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша мақсатты орындар қаралған, түрік тілді азаматтарға - 200 орын, Моңғолия Республиксының азаматтарын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытуға - 25 орын.
БҒМ өкілдерінің айтуынша, оқу гранттарын тағайындау конкурсы Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 23 қаңтарындағы № 58 қаулысымен бекітілген оқу гранттарын тағайындау ережелеріне сәйкес өткізіледі.