Ағымдағы жылы реттелетін қызметтер тарифтерінің инфляциясына шекті үлес 1,58 пайыздық тармақ деңгейінде анықталды - ЭДСМ

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі ағымдағы жылы реттелетін қызметтер тарифтерінің инфляциясына шекті үлесті 1,58 пайыздық тармақ деңгейінде анықтады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Қайрат Келімбетов айтты.

«Экономикадағы жоғары инфляциялық фон ескеріле отырып, ағымдағы жылы реттелетін қызметтер тарифтерінің инфляциясына шекті үлесі 1,58 пайыздық тармақ деңгейінде анықтады», - деді Қ.Келімбетов.

Осы орайда оның атап өтуінше, ақша-кредит саясаты бірінші кезекте бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында экономиканың даму көрсеткіштері сыртқы даму жағдайлары сияқты 2011 жылға арналған бюджет жобасын әзірлеу кезінде бастапқы параметрлер болжамынан аса жоғары деңгейде қалыптасты», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар