Ағза донорларына мемлекеттен өтемақы беріле ме – Алтай Көлгінов жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында донорлықты ынталандыру шаралары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басқару қағидаттары бойынша, жасушалар мен тіндерді, органдарды донор ретінде ұсыну ақысыз негізде, қандай да бір ақшалай өтемақы немесе ақшалай сыйақысыз жүзеге асады. Сондай-ақ, тірі донордың өзіне де туысқандарына да жасуша мен тінді, трансплантацияға арналған органды сатып алуға және сатуға тыйым салынған.

Ағза алмастыруға туыстарының келісімі берілген, көзінің тірісінде ағзасын беруге білдірген ниетін egov.kz порталы арқылы растаған адамның донорлық органдары пайдаланылады», - деп жазылған жауапта.

Алтай Көлгіновтің мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі Ағза донорлығы мен трансплантация қызметін жетілдірудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеп жатыр.

«Оған үкіметтік емес ұйымдар да да тартылған. Осы жұмыстардың аясында донорларға мемлекет есебінен өтемақы төлеу және аталған саланың криминалдануына жол бермеу бағытындағы ықтимал қатерлер мәселесі қаралады», - деп жазады вице-Премьер.


Соңғы жаңалықтар