21:51, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Ахат Кенжебаев Ә.Қашаубаев атындағы дәстүрлі әндерді орындаушылардың VII республикалық конкурсының гран-при жүлдесіне ие болды
АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Дәмир Бәйменов/ – Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ахат Кенжебаев елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында өткен Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі әндерді орындаушылардың VII республикалық конкурсының гран-при жүлдесіне ие болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Қырықбаев жеңімпазға диплом мен 300 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықты тапсырды. А.Кенжебаев бұдан бұрын 2005 жылы «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастардың фестивалында да бас жүлдені жеңіп алған болатын. Жүлделі орындарға тағы үш қатысушы ие болды ? Ерлан Рысқали (1-ші орын), Жасұлан Базарбеков (2-ші орын), Азамат Түсіпбек (3-ші орын). Оларға атаулы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.