АХҚО банктері ел экономикасына 1,5 млрд доллар несие беруге дайын
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана халықаралық қаржы орталығының банктері ел экономикасына 1,5 млрд доллар несие салуға ынта білдірді, деп ҚазАқпарат тілшісі.
Орталықта 2023 жылы жұмыс істеп жатқан компаниялардың саны 2 мыңға жетеді. Бүгінге дейін ондағы қаржылық ұйымдар алыс-жақын мемлекеттерге 600 млн долларға жуық қарыз беріп үлгерді.
АХҚО басқарушылық кеңесінің төрағасы Қ.Тоқаев былтыр шілдеде қатысушы компанияларға қазақстандық қаржы нарығына жол ашу керектігін айтты. Дәл сол шешімнен кейін Ұлттық банк Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігімен және АХҚО-мен бірлесіп, валюталық реттеу ережесін қабылдады. Оған сәйкес, лицензия алған қаржылық компаниялар Қазақстанда жоқ не дамымаған қаржылық қызметтерді көрсете алады. Сонымен қатар оларға корпоративтік табыс салығы мен құн салығын төлеуде жеңілдіктер ұсынылады.
«Мысалы, краутфандинг сияқты цифрлық активтерді басқару қызметтері тек АХҚО-да қолжетімді. Бұл басқа Еуразиялық өңірде, көп елдерде жоқ немесе реттелмейді. Ал бізде осында келіп, аталған қызметтерді ресми түрде көрсетуге, оны маркетинг жасауға бизнес мүмкіндік алады. Айталық, краутфандингпен айналысатын компаниялар 5 млрд теңгеге жуық сомаға кіші және орта бизнеске қаржыландыру берді. Ол банк несиелеріне балама бола алады», - деп атап өтті АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің департамент директоры Алмас Жоламанов.