АХҚО биржасының сауда-саттық қызметіне шолу жасалды
«Аталған уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») қарапайым акциялары бойынша айналым 391,6 млн теңгені (278 мәміле, 77 019 акция) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен (ЖДҚ) 72,4 мың АҚШ доллары сомасына (5 310 ЖДҚ) 8 мәміле жасалды», - делінген АХҚО баспасөз қызметінің мәліметінде.
Бұдан бөлек, 2019 жылғы 8 қаңтарда «Атырау МӨЗ» ЖШС облигациялары AIX бағалы қағаздар ресми тізіміне «жеке орналастыру» санатында қосылды.
Сонымен қатар, «First Heartland Securities» АҚ және «Fincraft Investments House» АҚ AIX сауда мүшесі және AIX CSD (AIX орталық депозитарийі») қатысушысы мәртебесіне ие болды.
Айта кетейік, AIX. АХҚО Биржасы 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын іске қосты. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар. www.aix.kz.
Еске сала кетсек, 2015 жылдың желтоқсан айында Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру. АХҚО-ның басты міндеті - Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу.