АХҚО Қазақстанның ішкі жалпы өнімі өсімін жеделдетеді

«Ел экономистерінің есептеулері бойынша оның құрудың және өңірде кеңеюінің нәтижесіндегі қорытынды жиынтық тиімділігі таяу 10 жылда шамамен 40 млрд. долларды құрауы мүмкін. бұған қоса, АХҚО аясында 2 мыңнан астам білікті жаңа жұмыс орындары құрылады», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы АХҚО базасында Торонто биржасы үлгісінде жер қойнауын пайдаланушылар үшін алаң құру жоспарланып отырғанын айтты. Соның арқасында әрбір компания өз жобасын дамыту үшін капитал тарта алады. Орталықта жаңа қаржылық технологияларды қамту үшін жайлы ахуал, икемді реттеуші орта, мәліметтерді өңдеу орталығы түріндегі заманауи инфрақұрылым, жаңа технологияларды тестілеуге арналған инкубаторлар құрылады.
ҚР Президенті «Астана ЭКСПО-2017» базасындағы жоғары технологиялық инфрақұрылымдар көрменің негізгі тақырыбын, «жасыл экономиканы» дамытуға бағытталған жобаларды жалғастыруға мүмкіндік береріне сенімді.
«Жасыл» облигациялар шығару, «жасыл» сақтандыру институтын енгізу, «жасыл» банк құру - бұл орталық алаңында пайдаланыла алатын мүмкіншіліктердің бірнешеуі ғана. Біздің ең бірінші кезекті міндетіміз - экономикаға қаржы ресурстарын тарту, отандық қаржы секторын әлемдік ауқымдағы экономикалық салаға айналдыру», - деді Елбасы.