АХҚО криптобиржалары мен банктер арасында ынтымақтастық орнаттық - Ғиззат Байтұрсынов

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Криптобиржалардың екінші деңгейлі банктермен өзара іс-қимылы бойынша пилоттық жоба қандай нәтижеге жеткені туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры Ғиззат Байтұрсынов айтты. 

пилоттық жоба
Фото: Думан Арғынгелді

Ол Digital Almaty 2024 Халықаралық цифрлық форумында Қазақстанда бөлшек және кәсіби инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін маңызды саналатын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен сауда жасау үшін реттелетін орта құру жобаның басты мақсаты екені атап өтті. 

«Бір жарым жыл ішінде біз нарық қатысушыларымен тығыз қарым-қатынас жасадық, бұл бізге айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, біз «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) криптобиржалары мен қазақстандық Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін орната алдық, бұл тиісті реттеуші базаны қамтамасыз етуге ықпал етті», - деді Ғиззат Байтұрсынов.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиялау және қаржылық технологиялар Кеңсесінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев пилоттық жобаның нәтижелеріне тоқталды.

«Пилоттық жоба кезеңінде жалпы айналым 239 млн долларды құрады, транзакциялар саны 63 000 мың, ал клиенттердің жалпы саны 52 800 мыңға жетті», - деді Еркеғали Еденбаев.

Еске салсақ, 2021 жылғы маусымда ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Қазақстанда криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту жөніндегі Жол картасын бекітті және АХҚО криптобиржаларының қазақстандық Екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік органдардан жұмыс тобы құрылған болатын. 

2022 жылдың желтоқсан айында АХҚО мен қазақстандық ЕДБ криптобиржаларының өзара іс-қимылы бойынша пилоттық жоба іске қосылған еді. 

Соңғы жаңалықтар