АХҚО құқықтық конференция өткізіп жатыр
Конференция қатысушыларына АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов құттықтау хат жолдады. Оны «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әйтенов оқып берді. Қ.Келімбетов құтықтауында АХҚО-ның құқықтық режімі ағылшын жалпы құқық принциптеріне және әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделгенін атап өткен.
«Біздің конференциямыздың мақсаты АХҚО-ны және оның органдарын таныстыру ғана емес сонымен бірге АХҚО-ның жалпы құқықтық моделіне қатысы бар ағымдағы мәселелерді талқылау үшін тұғырнама құру болып саналады. Мұнан өзге АХҚО биржасындағы листинг және компаниялардың авторластыру мәселелерін де талқылайтын боламыз. Біз серіктестеріміз үшін қауіпсіз экожүйені құруға және оларға сәйкесінше құқықтық қолдау көрсетуге кепіл беруге тырысамыз», - деп атап өтеді ол.
Айта кетейік, АХҚО базасында қаржы орталығының қатысушылары арасындағы дауларды шешудің негізгі институты болып саналатын АХҚО соты, тараптардың келісімі болған жағдайда дауларды қарайтын Халықаралық төрелік орталық жұмыс істейді.