АХҚО Құқықтық-консультативтік кеңесінің отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жанынан құрылған консультативтік-ақылдасу органы - Құқықтық-консультативтік кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды қаржы орталығының баспасөз қызметі.

Жиынға АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, Ұлыбританияның Құқықтық-консультативтік кеңестің құрамына кіретін белді заң фирмаларының өкілдері қатысты.

Жиында АХҚО-ның акт жобалары қарастырылып, қабылданды.

Кеңестің мақсаты АХҚО-ның актілерін қарастыру және сараптамадан өткізу, консультативтік жұмыс жүргізу.

Кеңес жұмысы Англия мен Уэльстің құқығы, нормалары, принциптері, құқық прецеденттерін және АХҚО актілерін дайындау, құқықтық базасын құрылымдау кезінде әлемдік белді қаржы орталықтарының талаптарын енгізуге ықпалдастық көрсету.

Құқықтық-консультативтік кеңестің жұмысына ағылшын заңнамасы бар елдерде жұмыс істеу тәжірибесіне ие сарапшыларды тарту АХҚО-ның әрі қарай сәтті жұмыс істеуіне, жалпы пайдаланылатын актілерін дайындауда маңызды рөл ойнайды.

Құқықтық-консультативтік Кеңестің жұмысына Baker McKenzie, Devonshires Solicitors, Hogan Lovells, Michelmores, Norton Rose Fulbright, және White & Case секілді әлемнің белді заң компаниялары да тартылған.

Соңғы жаңалықтар