АХҚО сотына талап-арызды әлемнің кез келген нүктесінен жіберуге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана халықаралық қаржы орталығы соты мен Халықаралық төрелік орталығы eJustice электрондық сот төрелігінің жаңа жүйесін ресми іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АХҚО сотына талап-арызды әлемнің кез келген нүктесінен жіберуге болады

ЕJustice - бұл онлайн-портал. Ол тараптарға АХҚО мен ХТО сотына электрондық түрде әлемнің кез келген нүктесінен Астанаға келіп қатысусыз талап-арыз беруге мүмкіндік жасайды. Портал заң құжаттарын электрондық өңдеу және сот ісін жүргізуді әкімшілендірудің барлық үдерісін басқаруға көмек көрсетеді.

«Біз АХҚО және ХТО сотында дауларды уақытылы және экономикалық тиімді шешуді айтарлықтай жақсартатын eJustice электронды сот төрелігі жүйесін ұсынғанымызға қуаныштымыз. Дауларды шешудің ең озық халықаралық стандарттарын енгізуге тырысамыз және eJustice жүйесі - АХҚО мен ХТО сотына Еуразиялық аймақта азаматтық және коммерциялық дауларды шешуді таңдаудың нөмір біріншісі болуға мүмкіндік беретін біздің соңғы жаңалығымыз», - деді шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген АХҚО және ХТО сот аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт.null

Ал сингапурлық Crimsonlogic компаниясының бас директоры Со Кен Йидің айтуынша, «eJustice» жүйесі Chrysalis әлемдік санаттағы заңды өнімін, бүкіл әлемдегі жетекші елдер пайдаланатын стандартты емес функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамалары бар тексерілген қосымшаны пайдалана отырып құрылған.

«Жүйені рекордтық мерзімде енгізу АХҚО-ның Crimsonlogic компаниясымен тамаша ынтымақтастығының дәлелі саналады. Біз АХҚО сот ісін жүргізуді жаңғырту жөніндегі бастамасының бір бөлігі болуға өте қуаныштымыз және жаңа жүйе пайдалануға ыңғайлы әрі оңай болатынына сенімдіміз», - деді ол.null