Ахмадинежад әйел адамды вице-премьер етіп тағайындады
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Ахмадинежад әйел адамды вице-премьер етіп тағайындады. Ғылым және технологиялар мәселелерімен айналысатын Насрин Солтанах ханым - Иран үкіметінің жаңа құрамындағы екінші әйел,
деп хабарлайды РСН агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 3-інде Иран парламенті Марзийе Уахид Дастжерди ханымды денсаулық сақтау министрлігіне бекіткен болатын. Марзийе ханым - ислам республикасында министрлік басқарып отырған алғашқы әйел.