Ахмадинежад бірнеше министрлерді отставкаға жіберді
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад елдің ақпарат министрі (Иран арнаулы қызметінің жетекшісі) Голям Хосейн Мохсени Ажжеи мен мәдениет және исламдық бағыттау министрі Мохаммад Хосейн Сафара Харандиді отставкаға жіберді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, ирандық «Мехр» агенттігі «расталмаған мәліметтерге» сілтеме жасай отырып, елдің денсаулық министрі Камран Багери Ланкарани мен еңбек министрі Сейед Мохаммад Жахромидің де қызметтерінен босатылғанын хабарлауда. Бұл кадрлық шешімдерді Ахмадинежад үкімет өкілеттігі мерзімінің аяқталуына 8 күн қалғанда қабылдап отыр. Шілденің 16-сында елдің вице-президенті, Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымының жетекшісі Голям Реза Ағазаденің өз еркімен қызметтен кеткені туралы мәлім болған еді.
Маусым айында өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен Ахмадинежад тамыз айының басында ант қабылдайды. Ұлықтау рәсімінен кейін ол Парламентке министрлер кабинетінің жаңа құрамын таныстырады. Жаңа үкіметтің құрамында үлкен өзгерістер болады деп күтілуде.