Ахмадинежад британ және кеңес әскерінің ел аумағына кіргізілгені үшін өтемақы талап етуде

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес және британ әскерлерінің кіруінің салдарынан елге келген шығынды зерттеумен айналысатын комиссия құруды қаулы етті,
None
None

деп хабарлайды ВВС телекомпаниясының Орыс қызметі.

Ахмадинежадтың айтуынша, Иран келтірілген шығындар үшін әлі күнге дейін ешқандай өтемақы алмаған. Иран басшысы, бейтараптық туралы мәлімдемеге қарамастан, елдің оккупацияға ұшырағанын мәлім етті.

«Сіздер иран халқының мойнына ауыр жүк салдыңыздар және Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіп шықтыңыздар. Сіздер соғыстан кейін ештеңемен бөліспегенмен қоймай, иран халқын басын-жаншуға тырыстыңыздар», - деп мәлім етті Иран басшысы өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар