Ахмадинежад: Иран өзінің ядролық нысандарын қорғайды

АСТАНА.  Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат -   Иран  өзінің  ядролық нысандарын   қорғайды. Иран  Президенті Махмұд  Ахмадинежад  осындай  мәлімдеме  жасады, 

Ахмадинежад:  Иран   өзінің  ядролық   нысандарын   қорғайды

деп хабарлайды   «Азаттық» радиосы.

Ол Ирандағы  ядролық    зерттеулер  мен  жобалардың  тоқтатылмайтынын  атап  көрсетті.  Дейтұрғанмен,  Ахмадинежадтың айтуынша, Тегран   Атом энергиясы  жөніндегі  халықаралық  агенттікпен (МАГАТЭ)  «жоғары  деңгейде» келіссөз жүргізіп жатыр.

Президенттің айтуынша, Иранның  алдында  «күрделі мәселелер» тұр,   атап  айтқанда,     Иран  уранын   басқа елдерге алып  шығып,  сонда   байыту  туралы     ұсыныс айтылып отыр.

Сәрсенбі күні Ресей Иранды МАГАТЭ ұсынысына  оң жауап беруге шақырды.