Ахмадинежад Иран Президенттігіне бекітілді
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Махмұд Ахмадинежад Иран Президенті лауазымына бекітілді. Сәйкес Жарлықты оған кеше Теграндағы Хомейни атындағы мешітте өткен ресми рәсімде Ислам Республикасының басшысы аятолла Әли Хаменеи табыс етті.
Осылайша Иран көсемі атқарушы биліктің басшысына өз өкілеттігінің бір бөлігін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Сайлауда Махмұд Ахмадинежадты қолдаған Иран халқы «даму мен әділдік үшін, қысым мен кедейшілікке қарсы дауыс берді» деп мәлім етті аятолла Хаменеи өз сөзінде. Салтанатты рәсімге Иранның жоғарғы билік органдарының өкілдері, межлис депутаттары, жоғары әскери қолбасшылықтың өкілдері, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық миссиялардың жетекшілері қатысты. Иран оппозициясының көшбасшылары Мир Хосейн Мусауи, Мехди Кярруби, сондай-ақ елдің бұрынғы президенттері Әли Акбар Хашеми-Рафсанджани мен Мохаммад Хатами салтанатты рәсімге келмеген.
Тамыздың 5-інде Ахмадинежад межлисте ант қабылдайды. Лауазымына кіріскеннен кейін екі апта бойы ол жаңа үкіметті жасақтауы керек.