Ахмадинежад: Иран ядролық қару жасамақ емес
![None None](/static/img/plug.webp)
«Біз ядролық қаруға талпынып отырғанымыз жоқ. Біздің оған деген ықыласымыз жоқ», - деді Иран Президенті өз сөзінде
Ахмадинежад сондай-ақ, барлық мемлекеттердің қарусызданулары керек екенін атап көрсетті. Ол, АҚШ пен «сионистік мемлекет» Израильге ерекше назар аударды. «АҚШ пен сионистік мемлекеттік үкіметтері қарусызданулары керек, себебі әлемге Құрама Штаттар мен сионистік мемлекеттің қолындағы бомбалар да қауіп төндіріп отыр», - деді Иран басшысы.
Тегранға қатысты енгізілген санкциялар туралы мәселеге тоқталған Ахмадинежад, оларды пәрменді деп санамайтынын айтты. Оның айтуынша, ол санкциялар оның еліне «ешқандай зардап тигізіп отырған жоқ».
Иран президенті өз сұхбатында сондай-ақ, Израильдің және ол елдің премьері Биньямин Нетаньяхудың атына қатты сын айтты. Ахмадинежад Израиль үкіметінің басшысын «әйелдер мен балалар өлтіріп дәніккен қасапшы» деп атады.