Ахмадинежад Ирандағы сайлау еркін өтті деп санайды
МӘСКЕУ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат – Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад елде жұма күнгі президенттік сайлау еркін өтті және оны елдің «ұлы жеңісі» деп атады, ол бәсекелестерінің заң бұзушылық жөніндегі айыптауларын жоққа шығарды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Президенттік орынтаққа төрт үміткер түсті: олар ? қазіргі президент Махмұд Ахмадинежад, елдің 1980 жылдардағы премьер-министрі Мир-Хоссейн Мусави, парламенттің бұрынғы спикері Мехди Кяруби және Ислам төңкерісі күзеті корпусының бұрынғы қолбасшысы Мохсен Резаи. Ахмадинежад сайлауда 62,63 пайыз дауыс жинады, ал оның негізгі қарсыласы Мусави ? 33,75 пайыз дауыс алды, қалған екі үміткер 2 пайыздан астам дауысқа ие болды. «Бүгін Иран халқы басқа елдерді қанаттандырды, жаулық пиғылдағыларды қапы қалдырды», - деді Ахмадинежад Иранда өткен оныншы президенттік сайлаудан кейінгі халыққа алғашқы тележолдауында. «Сайлау барынша еркін болды, ... және бұл ұлы жеңіс!», - деп қосты ол. Мусави ресми қорытындылар жарияланбастан бұрын-ақ оның қорытындыларымен келіспейтінін мәлімдеген болатын. Бұдан бұрын Мусави өзінің жеңіске жететініне сенімді болған. Сенбі күні Мусавиді қолдаған шерушілердің полициямен қақтығысы болды. Жоғарғы рухани көшбасшы аятолла Әли Хаменеи президенттік сайлауда жеңіліске ұшыраған үміткерлерді айқын басымдылықпен жеңіске жеткен Махмұд Амадинежадты қолдауға шақырды. Иранда президенттік өкілеттілік мерзімі ? 4 жыл, президент екінші мерзімге қайта сайлана алады. Елдегі жоғарғы билік рухани көшбасшы ? аятолла Әли Хаменеидің қолында, Иранда президент ? мемлекеттегі екінші адам.