14:16, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Ахмадинежад Обаманы БҰҰ-ның әлемдік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жарыссөзіне шақырды
ТЕГРАН. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад АҚШ басшысы Барак Обаманы Біріккен Ұлттар Ұйымына жарыссөзге шақырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. «Біз Барак Обамаға Біріккен Ұлттар Ұйымына кездесуді және әр тарап өз шешімін ұсынуы үшін әлемдік проблемалардың себептерін талқылауды ұсынамыз», дейді М.Ахмадинежад.
«Егер ұлы иран халқы мен өз президенті етіп тағы да сайласа, ұсынысымды Обама мырзаға тағы да қайталап жасаймын», - деді Иран басшысы өз сөзінде. Естеріңізге сала кетейік, Иранда кезекті президенттік сайлау 2009 жылғы маусымның 12-сіне белгіленіп отыр. Дауыс берудің қорытындысы жария етілгенше, Тегран Иранның ядролық бағдарламасы бойынша барлық халықаралық келіссөздерді тоқтатты.