Ахмадинежадтың жаңа үкіметіне екінші әйел енді

АСТАНА. Қыркүйектің 22-і. ҚазАқпарат - «Фарс» ақпарат агенттігі Насрин Солтанхахты Иран президентінің ғылым және технологиялар мәселелері жөніндегі орынбасары етіп тағайындау туралы Махмұд Ахмадинежадтың жарлығын таратты,

Ахмадинежадтың жаңа үкіметіне екінші әйел енді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл - қайта сайланған мемлекет басшысының жаңа үкіметі құрамындағы екінші әйел. Парламент қыркүйектің 3-інде денсаулық сақтау министрінің лауазымына Марзийе Вахид Дастжердиді бекіткен болатын. Ол Иран Ислам Республикасындағы министрлікті басқарған тұңғыш әйел затының өкілі болды. Ахмадинежад тағы екі әйелді министрлік лауазымына ұсынған болатын, алайда депутаттар олардың кандидатурасын кейінге қалдырды.