Ахмет Ясауи кесенесін көруге қай елдерден туристер көп келеді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістанға келген шетелдік туристер саны 45 пайызға артты. Өткен жылы осында атбасын бұрғандардың басым бөлігі — Өзбекстан азаматтары. 

Туркестан
Фото: gov.kz

Өткен жылдың IІІ тоқсанындағы мәліметке сенсек, Түркістан облысына 500 мыңнан астам турист келген.

Оның 235 мыңы қонақ үйлер мен хостелдерге, 136,4 мыңы емдік сауықтыру орындарына, 128,6 мыңы табиғи аумақтарға орналасқан.

Туркестан Түркістан
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Сондай-ақ, былтыр біркүндік келушілер саны 900 мың адамға жетті. Яғни, бір күн ішінде «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайына — 638,8 мың, «Отырар» қорық-музейі — 241,2 мың адам келуші ретінде тіркелді. 

Е-qonaq жүйесіне сәйкес 2024 жылы өңірге 21 121 шетелдік турист келіп, көрсеткіш өткен жылмен салыстарғанда 45 пайызға артып отыр.

Түркістан облысының әкімдігі
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Ал, 2023 жылы бұл көрсеткіш 14 510 адамды құраған. 

Облысқа келуші шетелдік туристер бойынша ТОП-5 мемлекетті Өзбекстан Республикасы бастап тұр.

Одан кейінгі қатарда Ресей, Қытай, Түркия, Қырғызстан елдері бар. 

Туркестан Мавзолей Ходжа Ахмеда Яссави Түркістан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

— Өзбекстаннан — 10 852, Ресейден — 1411, Қытайдан — 983, Түркиядан — 744, Қырғызстан — 435 адам өңірге келген. Бұл ретте, биылғы жылғы облысқа келетін туристер санын 550 мың адамға, біркүндік келушілер санын 1 млн адамға жеткізу жоспарланып отыр, — дейді Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов.

Туркестан Мавзолей Ходжа Ахмеда Яссави Түркістан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар