Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, композитор, дирижер әрі музыкатанушы Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай Анкара қаласында мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бағдарлама ТҮРКСОЙ, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп өткізілді.

Мерейтойлық іс-шаралар ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы ғимаратында ашылған көрмеден басталды. Мұнда Ахмет Жұбановтың өмір жолы, шығармашылық мұрасы, ғылыми еңбектері таныстырылды.

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрменің ашылу рәсімінде ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайыт Юсуф Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасы түркі халқының музыкалық дәстүрін сақтап, келер ұрпаққа жеткізуде айрықша маңызды екенін атап өтті.

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
Фото:Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бағдарлама аясында ғалым әрі композитордың өмірі мен өнердегі жолы туралы деректі фильм көрсетілді.

Мерейтойлық іс-шаралар Қазақстан мен Түркияның ғылым және мәдениет саласы өкілдерінің қатысуымен өткен халықаралық дөңгелек үстел отырысымен жалғасты. Қатысушылар Ахмет Жұбановтың музыка өнері мен музыкатану ғылымының дамуына қосқан үлесін және түркі дүниесіндегі мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін талқылады.

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бағдарлама Анкара музыка және көркем өнер университетінің Музаффер Сарысөзен амфитеатры сахнасында өткен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің концертімен аяқталды.

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған Анкарадағы халықаралық іс-шаралар композитордың өнердегі өнегелі жолын ұлықтап, түркі дүниесіндегі мәдени сабақтастықты одан әрі бекемдей түсті. 

Айта кетелік ұлт үнін нотаға түсірген Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толған еді