Ахметжан Есімов: Алматы - ерекше қала

АЛМАТЫ.  Қыркүйектің 21-і.   ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Жексенбі күні Алматыдағы «Астана» алаңында  Қала күніне арналған  мерекелік концерт өтті.

Ахметжан Есімов:  Алматы - ерекше  қала

 Қала әкімі Ахметжан Есімов  қала тұрғындары мен  қонақтарын  мерекемен  құттықтады   және    Алматының  даму  қарқынын,  оның  республика  бойынша  алатын маңызын  атап  көрсетті. «Бұл  күн   тек біздер үшін  ғана  емес,   барша республикамыз  үшін   де атаулы  мереке.  Алматы  -    бай тарихы  бар,   табиғаты көркем,   рухани-мәдени  жағдайы    толымды  өзгеше     қала. Сондықтан да    баршаңызды,  қаламыздың гүлдене беруіне  қолдан  келгенше үлес қосуларыңызға   шақырамын»,  деді әкім  өз сөзінде.

  Археологиялық мұраларға  сілтеме  жасаған  ғалымдардың  пікірінше,      Алматының тарихы  2 мың  жылға жуық.