Ахметжан Есімов Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі мен №6 кәсіптік лицейінің оқу барысымен танысты

МАТЫ. 27 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі мен №6 кәсіптік лицейінің оқу барысымен, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Ахметжан Есімов Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі мен №6 кәсіптік лицейінің оқу барысымен танысты

Кездесу барысында лицей мен колледж оқушылары қала әкіміне өздерінің білімдері мен жаңа жабдықтардың жұмысын көрсетті. Әкім кездесуде ең маңыздысы түлектердің жұмысқа орналасулары екендігін атап өтіп: «Сіздердің мамандықтарыңыз үлкен сұраныста, сондықтан біз білім саласына көптеген қаражат бөлеміз, әсіресе кәсіптік-техникалық жағына. Ең бастысы - өз ісіңнің жақсы маманы болу. Кәсіби қолдар кез-келген жерде сұраныста болады», - деді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының орта арнаулы оқу орындары қазіргі заманға лайық жаңа жабдықтармен жарақтанған. Лицей мен колледж оқушылары қажетті мамандық алып, жұмысқа орналасатын мүмкіндікке ие болуда.

Бүгінде №6 кәсіптік лицейі техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен автокөліктер құралдарын пайдалану, автомобильдің электр жабдықтарын жөндейтін электрик, автосервис менеджері және т.б. мамандықтар кадрының ордасы болып табылады. Лицейдің үлкен материалдық-техникалық базасы бар. Мұнда жастар теориялық қана емес, арнайы құрылғыларда, сонымен қатар жаңа инновациялық неміс және оңтүстіккореялық жабдықтарда жұмыс жасауды үйреніп, тәжірибе жүзінде білім алуда. Оқу кезінде студенттер үшін әр түрлі мекемелерде іс-тәжірибеден өтуге, сонда тіркеліп, кейін білім алғаннан кейін сол жұмыс орындарында қызмет етуге мүмкіндіктер қарастырылған.

Ал, қазіргі таңда Жаңа технологиялар колледжі компьютерлік диагностика, автомобиль көлігін жөндеу мен қызмет көрсету, көлікті радиоэлектронды жабдықты техникалық пайдалану, және тағы да басқа мамандықтар бойынша оқытады. Оқу орны кадрлар кестесі бойынша екі сатылы дайындықты үздіксіз білім беру кешені болып табылады. Мамандарды дайындау және қайта дайындау, біліктілікті арттыру аясында колледж Қазақстан-Германия халықаралық жобасына қатысып келеді. 2005 жылдан бастап колледжде студенттердің ғылыми қоғамы белсенді жұмыс жасауда. Оның қатысушылары Алматы қаласы әкімі сыйлығының және студенттік жастар арасындағы инновациялық идеялар байқауының дипломанттары болып табылады.