Ахметжан Есімов оқу орнының 50 жылдығымен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжіне» келіп, оқытушылық құрам мен студенттерді оқу мекемесінің 50-жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Сонымен қатар, қала басшысы жаңа оқу жабдықтарымен және колледждің өндірістік корпусымен танысты. Мұнда Ахметжан Есімовке дуалды оқыту жүйесінің артықшылықтары паш етілді. Бұл жүйе колледжге 2012 жылы енгізілген болатын.

Энергетика саласына кадрлар даярлайтын аталмыш оқу мекемесі Алматы қалалық білім басқармасының тәжірибелік алаңы болып табылады. Мұнда бүгінгі таңда 100 адам жаңа жүйе арқылы 4 мамандық бойынша білім алуда.

«Дуалды жүйе бизнестің, мемлекеттің және болашақ маманның мүдделерін біріктіреді. Оқытушылар үшін бұл - білікті кадрлар даярлау, мамандарды іздеу мен іріктеуге байланысты шығындарды үнемдеу. Жастар бұл жүйе арқылы сапалы білім алады және өздерінің болашаққа деген сенімділігі арта түседі» - деді өз сөзінде Ахметжа Есімов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум