«АИ-80 бензині мен дизель отыны қымбаттай ма?» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 25 маусым, сенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-тың басшылығымен кездесіп, еліміздегі мұнай өнімдерінің бағасын реттеу мен сапасын арттырудың заңнамалық мәселелерін талқылады. Бұл жайында «Егемен Қазақстан» газетінің сенбілік санындағы «АИ-80 бензині мен дизель отыны қымбаттай ма?» деген тақырыптағы мақалада айтылған. Басылымның жазуынша, Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің тұрақтылығын сақтауға арналып қабылданған шаралар туралы хабарлады. Мұнай өнімдерінің тапшылығы қаупін болдырмау мақсатында министрлік АИ-80 және дизель отынына бағаларды мемлекеттік реттеуді тоқтатуды ұсынып отыр. Баяндамашының айтуынша, жанармай құю бекеттеріндегі төмен бағалар көрші мемлекеттермен шекаралас аймақтарға мұнай өнімдерінің бақылаусыз ағылуына әкеліп соғуы мүмкін.  «Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин АИ-80 маркалы бензин мен дизель отыны бағасының көтерілуі, әсіресе, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор мәселе екеніне назар аударды. Ол, сондай-ақ, газды пайдаланатын көлік құралдарының үлесі ұлғайып отырғанын есепке ала отырып, оның бағасына бақылаудың қажеттігін атап өтті», - деп жазады басылым.

Интернет-телевизия біздің өркениетті өкшелеп-ақ келеді. Бүгінгі интернеттің ісіне, яғни не көріп, нені сатып алатынымызға енді онлайн-ТВ (сандық телевизия) тікелей әсер ететін болады. Мультэкрандық технологияның орнына алуан түрлі иілгіш смартфондар мен смартбуктер келеді, ал одан сәл кейін голографикалық көріністердің дәуірі салтанат құрмақ. Сарапшылар дамыған елдер онлайн ТВ-ға біздің ғасырымыздың екінші онжылдығында түгел көшеді деген болжам айтады. Бұл дегеніңіз жаңа технология қазіргі жерсеріктік, эфирлік және кабельді телевизияға қарсы тегеурінді бәсекелес болады деген сөз. «Егемен Қазақстан» газет елімізде интернет-телевизияны тұңғыш құрып, бүгінгі күнде жемісті жұмыс істеп жатқан қарағандылық журналист Ботагөз Омарованы әңгімеге тартқандағы мақсаты да БАҚ саласындағы осы жаңалықтардың жай-жапсарына қаныға түсуден туындаған. Басылым тілшісі сауалдарына тұщымды жауап берген ол «Біз дәстүрлі БАҚ-тарға бәсекелес емеспіз, біз интернетте жұмыс істейміз. Біздің жаңалықтарды көптеген адамдар өзара бөлісіп жүр, материалдарымызды басқа БАҚ-тар да пайдалана бастады. Мұның өзі біз үшін көрсеткіш. Сонан соң, біз соңғы кездері қазақстандықтардың жағымды жаңалықтарды сағына бастағанын байқадық. Мысалы, біздің жуырда жасаған дәрігерлер туралы хабарымыздың көрсетілімі күн сайын артып келеді. Біздің болашақтағы мақсатымыз  сенімді серіктестер тауып, Қазақстан бойынша тілшілік торап құру. Кәсіби құрал-жабдықтар алып, штатты көбейтуді армандаймыз», - дейді. Сұхбат «Интернет-телевизия  болашақтың игілігі» деген тақырыппен берілген.

***

«Шымкент полициясы банк карточкалармен алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген азаматты іздестіріп жатыр. Әңгіме кәнігі алаяқ жайында болып тұрғаны полицияға бірінен соң бірі облыстың ондаған тұрыны келіп шағымданғаннан кейін түсінікті болды», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті.

Олардың барлығы да белгісіз азаматтың банкоматтан ақша алып беруге көмектесем деген желеумен олардың банк карточкаларын айырбастап алған. Одан кейін адамдардың есепшоттарынан ақша шешіп алып отырған.

 ***

Соңғы 10 жылда балалардың, әсіресе жоғары сынып оқушыларының бойы өсіп, нәзік бола түскен. Бұл жайында «Экспресс К» газетінің сенбілік санында жазылған. Мақалада жыл сайын қазақстандық ата-аналар Қырғызстан мен Қытайда тігілген мектеп формасын сатып алуға 5 млрд. теңге шығындайтындындығы айтылған. Дегенмен, шетелдік бәсекелесті басып озуға қауқарлы кәсіпорындар Қарағанды өңірінде де көп. Күні кеше Қарағандыда мектеп формасын тігетін жергілікті өндірушілердің арнайы көрмесі өткен. Олардың барлығы да шамамен 5-8 мың теңгеге оушы формасын толық жиынтығын өте жоғары сапада тігіп беруге дайын.

Соңғы жаңалықтар