Аи - 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалады

АНА. 11 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Аи - 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Аи - 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалады

Оның сөзіне қарағанда, жақын арада Мәжіліс қабылдаған жанар-жағармайды реттеу мәселесі жөніндегі қабылданған заңға қол қойылғаннан кейін бұл мәселе тез арада шешілмек. Атап айтқанда, бүгінде жанармай бағасы "Гелиос" компаниясының жанармай құю стансаларында ғана өсіп отыр. «Айта кетейік, жанар-жағармайды реттеу мәселесі жөніндегі заң қабылданған болатын. Сол заң бойынша жағармайдың шекті бағасы анықталады. Егер де, сол шекті бағадан өсетін болса, оған біз тиісті шара қолданатын боламыз»,-деді министр.

«Аи - 92, 93 маркалы бензин үшін шекті баға қазіргі кездегі 102 теңге көлемінде қалатын болады. Тек қана "Гелиос" компаниясы бензин бағасын көтерді. Алайда бұл мәселе бойынша тиісті шара қолданылады»,-деп атап өтті С. Мыңбаев.