АИ-92 маркалы бензиннің екі апталық қоры бар- Болат Ақшолақов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АИ-92 маркалы бензиннің екі апталық қоры бар. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АИ-92 маркалы бензиннің екі апталық қоры бар- Болат Ақшолақов

«Осы жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 180,0 мың тоннаны құрайды, бұл қажеттілікті 14 күнге жабады. Дизель отынының қоры 220 мың тоннаны құрайды, бұл 13 күнге жетеді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында 71 мың тонна АИ-92 бензині, 53,4 мың тонна дизель отыны бар.

«АИ-92 бензині бойынша жағдай тұрақты», -деді Болат Ақшолақов.