AIBA 49 келі салмақ дәрежесінде жолдама бөлді

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат  - Қазақстанның Олимпиадалық құрамасының жолдамалары толығуы мүмкін.

AIBA 49 келі салмақ дәрежесінде жолдама бөлді

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Азия аймағына 49 келі салмақ дәрежесі бойынша жолдама бөлді. «Бұл дәрежеде отандастарымыздың арасында Біржан Жақыпов мықты екенін білеміз. Алайда Жақыпов Бакуде өткен Әлем чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмаған. Жолдама Еуропаның іріктеу аймағынан бөлінсе керек. Біржан Лондонға аттануы үшін Астанада өтетін соңғы олимипадалық сараптаманың жеңімпазы атануы тиіс»,-делінген порталды.