15:16, 29 Мамыр 2016 | GMT +5
AIBA президенті: Қазақстандық бокс федерациясы үздік әлем чемпионатын өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 және 27 мамыр аралығында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының жақсы жағы Астанадағы Барыс Арена мен тамаша елорда болды. Бұл додада әлем чемпиондарымен қатар жаңа дарынды спортшыларды көрдік. Олар 15 жылдағы ең мықты әлем біріншілігін көрсетті, деп хабарлады AIBA коммуникациялар бойынша бөлімінен.

Жарыстың сегіз күнінде 10 әлем чемпионы қошеметке бөленді. Сарапқа әлем чемпионы атағымен қатар Рио ойындарына жолдамалар қойылды.
«Әйелдер арасындағы бокстың дамып келе жатқанына осы чемпионатта тағы көз жеткіздік. 15 жылдық тарихта қазақстандық бокс федерациясы үздік әлем чемпионатын өткізгені сөзсіз», - деді AIBA президенті доктор Чинг-Куо Ву жабылу салтанатынан кейін.
27 мамырда финалда 13 елдің өкілі бақ сынасты. 4 алтынға ие болған Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Одан кейінгі орындарға екі алтын олжалаған Қытай, 1 алтыннан еншілеген Франция, Ұлыбритания, Италия және АҚШ жайғасты.