Аида Ахметова Розарио Марчиано атындағы пианистердің IV байқауында екінші орын алды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстаннан барған жалғыз қатысушы Аида Ахметова Розарио Марчиано атындағы пианистердің IV байқауында екінші орын алды.
None
None

Бұл туралы бүгін «Казахстанская правда»газеті «Венский успех Аиды» мақаласында жазды.

Байқау Вена қаласында өтті. Бұл байқауға қатысу әрбір музыканттың арманы. Аида әйгілі Mozarthaus-та (Моцарттың үйі) болып қайтты, Веналық консерваторияның залында ойнады. Шығармашылық сайысқа Еуропа, Литва, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея мен Жапонияның пианистері қатысты.

Аиданың орындауындағы Бах, Бетховен, Рахманин, Шуберт, Листі және Щедриннің туындыларын халықаралық қазылар алқасы ең үздіктердің бірі деп таныды, олар байқауға қатысушы отандасымыздың шеберлігін және қазақстандық фортепиано мектебінің жоғары деңгейін атап өтті.

Аида өзінің ұстаздары - Вячеслав Узбеков (өзі оқи бастаған Қазақ ұлттық өнер университеті) пен қазіргі уақытта Күләш Байсейітова атындағы Дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатта өзін оқытатын Ерлан Масұров жайлы ерекше атап өтіп, оларға алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар