Аида Балаева: Еліміздегі ғылыми жобаларға сұраныс нарығын құру керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Тұрақты даму және инновациялар бойынша екінші Орталық Азия форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жас ғалымдардың, Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығының, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.

Форум мақсаты - идеялар мен жобаларды ілгерілету үшін жас ғалымдарды біріктіру, әлеуетті инвесторлармен және серіктестермен байланыстарды орнату.

ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаеваның сөзіне қарағанда, үздік әлемдік білім мен тәжірибе алған қазақстандық жас ғалымдардың бірігуі өте дұрыс қадам. Осы орайда елімізде ғылыми жобаларға сұраныс нарығының құрылуы оңтайлы болады.

Сонымен қатар ол бұл мәселеде қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың қолдауы маңызды екенін атап өтті. Осы орайда бизнес тарапы отандық ғалымдардың әлеуетті жобалары туралы егжей-тегжейлі хабардар болғаны абзал.

«Сондықтан сіздердің бизнеспен өзара іс-қимылдың оңтайлы тәжірибесі еліміздің барша жас ғалымдарын ортақ тұғырнамада біріктіруге және ғылым мен бизнестің конструктивті диалогын іске қосуға көмектесуіне тілектеспін», - деді А. Балаева.

Соңғы жаңалықтар