Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Аида Балаева ҚР Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Аида Балаева
Фото: ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі

— Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Білімі

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2000)
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті (2007)
Заңгер

Еңбек жолы

Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы (1999-2002 жж)

Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы (2002-2004 жж)

Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы (2004 ж)

Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары (2004-2005 жж)

Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (2005-2006 жж)

Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры (2006-2008 жж)

Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы (2008-2010 жж)

Астана қаласы әкімінің орынбасары (2010-2014 жж)

ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2014-2019 жж)

ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі (2019-2020 жж)

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі (2020-2022 жж)

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары (2022-2023 жж)

ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап)

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі (2025 жылғы 1 желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін)

Марапаттары

«Парасат» ордені (2016)

«Құрмет» ордені (2010)

«Достық» ордені (Өзбекстан) (2024)

Бұдан бұрын Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалғанын жазғанбыз.