Аида Бауыржанова спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

қола жүлде
Фото: Olympic.kz

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшы жүлдегер атанды. 

Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова еркін жаттығуда 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді. 

Ол Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді.

Айта кетейік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады. 

Еске салсақ, спорттық гимнастикадан Дмитрий Патанин мен Нариман Курбанов Болгариядағы турнирде көш бастағанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар