17:29, 04 Маусым 2022 | GMT +5
Аида Сатыбалдинова үш жыл дегенде рингке қайта шығады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 5 КО) 2019 жылдан бері алғаш рет кездесу өткізбекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 18 маусымда Коммерсте өтеді (АҚШ, Калифорния штаты). «Спарта ледиінің» қарсыласы алғашқыда америкалық Элизабет Туани (1-7, 0 КО) болуы тиіс еді, алайда енді BoxRec.com сайты Аиданың Гаити боксшысы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) жұдырықтасатынын мәлімдеді.
Айқас форматы - екі минуттан алты раунд.
Сатыбалдинованың соңғы айқасы 2019 жылы 27 шілдеде Тихуанда (Мексика) өткен еді. Онда қазақстандық спортшы төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жергілікті боксшы Дайанне Гонсалестен (6-5-1, 3 КО) жеңіліп қалған болатын.