10:01, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
Air Asia ұшағының екінші «қара жәшігі» судан шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия құтқарушылары Air Asia әуе компаниясының Ява теңізінде апатқа ұшыраған ұшағының өздігінен жазатын құралын судан алып шықты, деп хабарлайды ВВС.
«Қара жәшіктегі» жазбаларды анықтау үшін ол Индонезияның астанасы Джакартаға жіберіледі. Бұған дейін құтқарушылар ұшақтың артқы бөлігіндегі борттық өздігінен жазатын құралды судан алып шыққан еді.
Естеріңізге сала кетейік, ішінде 162 адам болған Air Asia әуе кемесі Индонезияның Сурабайя қаласынан Сингапурге ұшып шығып, радарлардан 28 желтоқсанда жоғалып кетті.