Air Asia ұшағының қара жәшігінің жазбасынан апаттық жағдай туралы дабыл үні табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Air Asia компаниясының апатқа ұшыраған ұшағындағы борттық жазбаның соңғы фрагменттерінде көтергіш күштің күрт төмендегенін ескертетін дабыл анық естіледі. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Air Asia ұшағының қара жәшігінің жазбасынан апаттық жағдай туралы дабыл үні табылды

«Бір уақытта индонезиялық аэробустың ұшқыштары кеменің авариялық жағдайының алдын алуға тырысқан, әзірге соңғы минуттардағы олардың сөйлеген сөзін анықтау қиынға соғуда», - деп жазады ұлттық көліктегі қауіпсіздікті басқару органынан тергеу өкілінің басылымы. «Ескерту дабылы біраз уақыт қосылып тұрған», - деп атап өткен тергеуші.

Бұдан бұрын Индонезия көлік министрі Игнасиус Джонан хабарлағандай, алынған ақпараттар лайнер күтпеген жерден биіктікке көтерілгенін, алайда жылдамдық бұл үшін шекті рұқсат етілген деңгейден төмен болғанын көрсетеді.

Әр елдерден апатты талқылаған пилоттар Air Asia кенет жоғарылау үшін кем дегенде сағатына 833 шақырым жылдамдық болуы керектігіне қарамастан, сағатына 648 шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатып, биіктікті арттырғанын айтады.