Air Astana Ақтаудан ұшқан ұшақтың кері қайтарылу себебін түсіндірді

АСТАНА. KAZINFORM –  8 наурыз күні Ақтау – Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшақ әуежайға қайта оралған еді. Әуе компаниясы бұл жағдайдың себебін түсіндірді.

Air Astana Ақтаудан ұшқан ұшақтың кері қайтарылу себебін түсіндірді
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Экипаж №1 қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескертуге байланысты қозғалтқышты сөндіріп, стандартты процедураларға сәйкес әрекет етті, — деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, әуе компаниясы ұшақтың Ақтауға сәтті қонғанын және жолаушылардың компания тобының резервтік ұшағымен жөнелтілгенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында халықаралық әуежайдың ішкі рейстер терминалында ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған еді.

Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған қызметкерді ерлікпен құтқарып қалған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ Алматы әкімі Мұса Әбдірайымға «Ерлігі үшін» медалін табыстаған еді.

Соңғы жаңалықтар