«Air Astana» Алматыдан ұшатын 16 рейстің кешігетіндігі туралы хабарлады

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - «Air Astana» компаниясы Алматыдан ұшатын 16 рейстің кешігетіндігі туралы хабарлады.

«Air Astana» Алматыдан ұшатын 16 рейстің кешігетіндігі туралы хабарлады

«Бүгін 16 рейс уақытында ұшпай қалды. Орташа кешігу уақыты бір сағаттан үш сағатқа дейін», - деді әуекомпанияның қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Жанна Бадаубаева.

Оның айтуынша, ұлттық әуетасымалдаушы әуехабарламаларды реттеуге тырысуда және қазір жағдай жақсарған. Бүгін қоллайсыз ауа-райынан Астана-Үрімжі бағытындағы КС-287 рейсі кешікті. Ұшақ Астанаға қайта оралуға мәжбүр болды, Үрімжі әуежайы да нашар ауа-райының салдарынан жабылған.

«Қазір біз ауа-райының оңалғанын күтіп отырмыз, жағдай жақсара салысымен ұшақ ұшады. Атырауда да ауа-райы қолайсыз болып тұр», - деп толықтырды әуекомпания қызметкері.