Air Astana ұшақ фюзеляжынан жарықшақ табылғанын растады
АСТАНА. KAZINFORM – Air Astana ұшақ фюзеляжындағы жарықшаққа қатысты түсініктеме береді.

Бұл туралы әуе компаниясының ресми Telegram-каналында хабарланды.
– Құрылманың сындарлы емес жерінде, атап айтқанда жүк бөлігінің қаптамасының жеңіл панелі бекітілген жерінде ұзындығы 25 мм сызат табылған. Бұл ұсақ ақау ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейді және ұшу кезінде пайда болуы мүмкін. Air Astana әуе кемесінің үздіксіз ұшуға жарамдылығын және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ете отырып, техникалық байқаудың белгіленген бағдарламасын қатаң сақтайды және барлық қажетті жөндеу жұмысын әуе кемесін өндірушінің нұсқауларын толық сақтай отырып жүргізеді. Қазір бүлінген жерлер жөнделіп, ұшақ пайдалануға қайтарылды, - делінген хаюарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Air Astana акциялары 30 пайызға жуық арзандағанын жазған едік.