«Air Astana» әуе компаниясы Санкт-Петерборға өз рейстерін ашады
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - 2 желтоқсаннан бастап Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысы - «Air Astana» АҚ Санкт-Петербор-Алматы-Санкт-Петербор бағыты бойынша тікелей рейсті ашады.
Рейстер аса жайлы Airbus-A320 әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Мұнда эконом-сыныптағы 132 орын мен бизнес-сыныптағы 16 орын бар, делінген «Пулково» әуежайының баспасөз қызметі таратқан хабарда. Үшақ аптасына екі рет дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұшады.