«Air Astana» әуе паркі 6 заманауи ұшақпен толығатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы «Air Astana» компаниясының әуе паркі 6 заманауи ұшақпен толығатын болады.

 «Air Astana» әуе паркі 6 заманауи ұшақпен толығатын болды

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімде өткен отырысында «Air Astana» әуе компаниясының вице президенті Ербол Оспанов мәлім етті. «Ағымдағы жылы 6 ұшақ жеткізіледі деп күтудеміз. Оның бірі «Boeing 767», екеуі «Embraer 190», ал үшеуі «Airbus 320». Олардың барлығы да зауыттан жаңа шыққан ұшақтар», - деді ол.