«Air Astana» әзірше «Астана-Париж» бағытында әуе рейсін аша алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Air Astana» әзірше «Астана-Париж» бағытында әуе рейсін аша алмайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Air Astana» компаниясының вице президенті Ербол Оспанов айтты.

«Air Astana» әзірше «Астана-Париж» бағытында әуе рейсін аша алмайды

«Астана-Париж» бағытындағы әуе рейсіне қатысты айтар болсақ, әзірше ««Air Astana» оны аша алмайды. Өйткені «сұр тізімге» байланысты бізге жаңа жиіліктер мен бағыттарға шектеу қойылған», - деді ол.

Дегенмен оның атап өтуінше, 25-26 наурыз аралығындағы ИКАО өкілдерінің сапары барысында бұл мәселе толығымен шешілетін болады.

«Біздің флотымыз да, адамдарымыздың дайындығы да бұл әуе рейсін ашуға мүмкіндік береді»,- деді Е.Оспанов.