Air Astana Дубайға ұшу бағытын өзгертті

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астана қалаларынан Дубайға ұшатын ұшақтардың бағытын өзгертті.

Air Astana Дубайға ұшу бағытын өзгертті

Енді олар Ирак пен Иранның әуе кеңістігінен өтпейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дегенмен ұшу уақыты төмендегідей ұзартылады:

Алматы - Дубай 20 минутқа,

Дубай – Алматы 10 минутқа,

Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа,

Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа.

«Air Astana оқиға барысын бақылауда ұстап, өзгерістер болса көпшілікке хабар береді. Жолаушылардан ұшу кестесін airastana.com сайтынан немесе төменде көрсетілген Брондау және ақпарат орталығына хабарласып нақтылап алуды сұраймыз:

244 4477 (Алматыдан) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан), сонымен қатар +7 702 702 4477 нөмірі бойынша», делінген хабарламада.