Air Astana Түркияға ұшатын рейстерді қалпына келтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Air Astana Түркияға ұшатын рейстерді қалпына келтірді. Бұл туралы Твиттердегі парақшада хабарлады.
«KC911 Алматы-Ыстамбұл, KC-215 Астана - Анталья, KC915 Алматы-Анталья рейстері бүгін (16 шілде) Алматы уақыты бойынша сағат 19.00-да ұшады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Түркиядағы жағдайда байланысты Қазақстаннан ұшатын барлық рейс шегерілген болатын.