Air Canada ұшағы Монреальдан ұшқан кезінде доңғалағы жұлынып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канадалық Air Canada әуе компаниясының жолаушылар ұшағының Монреаль (Квебек провинциясы) әуежайынан көтерілген сәтінде шассиінің бір доңғалағы жұлынып кетті, деп хабарлайды CTV телеарнасы.
None
None

Ұшқыштар  жанармай түгесілгенше бірнеше рет әуежайды айнала ұшқан соң қайта қонды.

  DHC-8-300 бортында 49 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған. Олар зардап шекккен жоқ.

Ұшақ Баготвилль қаласына (Квебек провинция) баруы тиіс болған. 



Соңғы жаңалықтар