Air China Қазақстанға ұшатын Boeing 737 MAX ұшағын алмастырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Air China Қазақстанға ұшатын Boeing 737 MAX ұшағын алмастырды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"2019 жылдың 14 наурызынан бастап, Air China әуе компаниясы Пекин - Астана - Пекин бағыты бойынша ұшатын B-737 MAX әуе кемесін А320 ұшағына ауыстырады", - делінген таратылған ақпаратта.
Бұған дейін Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға шектеу қойғанын хабарлаған едік. Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, ұшақта БҰҰ 19 қызметкері болған. Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады.