Air France қаза тапқандардың жақындарына 700 мың доллар төлеуі тиіс
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бразилия соты Air France әуе компаниясына өткен жылы Атлантика мұхитына құлаған ұшақ бортында болған Бразилия азаматтарының жақындарына 700 мың доллардан астам ақша төлеуі тиіс деген шешім шығарды.
Би-Би-Си хабарлап отырғандай, ұшақ Рио-де-Жанейродан Парижге қарай бет алып бара жатқан. Апат 2009 жылдың маусым айында Бразилияның солтүстік-шығыс жағалауынан шамамен 1500 шақырым жерде болды.
Air France компаниясының 447-рейсінде сапарлап келе жатқан барлық 228 жолаушы осы апат кезінде қаза тапты.