«Air France» компаниясының ұшағы апатты жағдайда Хабаровскіге қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Air France» әуе компаниясының Токиодан Парижге ұшып шыққан «Boeing-777» әуе кемесі апатты жағдайда Хабаровскіге қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

«Air France» компаниясының ұшағы апатты жағдайда Хабаровскіге қонды

Анықталған мәлімет бойынша, ұшақ қозғалтқыштарының бірі істен шыққаны хабарланды. Росавиация хабарлағандай, лайнер №275 рейсті орындаған.

Жолаушылар және экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.